Апат 7 желтоқсан күні шамамен 23:10-да болған. Skoda маркалы автомобиль Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен Chevrolet аялдамада тұрған қоғамдық көлікке, ал автобус инерциямен кейін Volvo көлігіне соғылған.
Оқиға салдарынан 2009 жылы туған Chevrolet көлігінің жолаушысы зардап шекті. Бала медициналық көмек көрсету үшін қаладағы балалар ауруханаларының біріне жеткізілді.
Жол апатының мән-жайы нақтыланып, тергеу жүргізіліп жатыр.