Фото: Ашық дереккөз
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңда мемлекеттік бақылау мен білім беру ұйымдарын бағалау жүйесінің функциялары нақты ажыратылды. Соның нәтижесінде «Білім туралы» заңға аттестаттауға қатысты жаңа ережелер енгізілді.
«Білім беру ұйымдарын аттестаттау – білім сапасы мен қолжетімділігін бағалауға, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталуда. Мұндағы мақсат білім беру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру мен оқу процесін жетілдіру болып табылады», дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрғасы Серік Әшіров.
Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, биылдың өзінде комитеттің аумақтық департаменттері 2 700-ге жуық білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізген.