Оқиға • Бүгін, 14:23

Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?

Фото: Ашық дереккөз

Тәуелсіздік күні сейсенбіге түсетіндіктен, бұл күн ресми демалыс болып саналады. Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. 

2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең.

2026 жылы ресми жаңа жыл демалыстары 1-2 қаңтарға, ал  Рождество 7 қаңтарға сәйкес келеді. Жаңа жыл аптаның соңына түсетіндіктен, 30-31 желтоқсан жұмыс күні, 1-4 қаңтар аралығында демалыс. Бес күндік жұмыс істейтіндер қаңтар айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар 7 күн демалып, 24 күн жұмыс істейді.