Жауапкершілік – адам бойындағы бағалы қасиеттердің бірі. Ал, қызмет барысындағы жауапкершілік қызметтестер алдында абыройлы етіп, табысқа жетелейді. Ал кейде бұл қасиеттің адам өмірін сақтап қалуы да мүмкін. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Жамбыл филиалының қызметкері Айдос Сұлтанбеков бұл сөзімізге дәлел бола алады.
Айдос Жамбыл вагон пайдалану депосының Жамбыл стансасындағы өндірістік-техникалық орталығының (ПТО) вагон қараушысы. Соңғы үш жылдың көлемінде аталмыш кәсіпорында өз мамандығы бойынша еңбек етіп келе жатқан ол күнделікті вагондардың жүріс бөлігін тексерумен айналысады. Алайда, шілденің 24-нен 25-іне қараған түні кезекті тексерістердің бірінде жас маман қырағылығының арқасында ауыр апаттың алдын алды. Анығын айтқанда, ол мекеменің 11-жолына келіп тоқтаған жүк пойызының вагондарын тексеру кезінде №28082428 вагонның бүйір рамасының сынығын байқап, дер кезінде ескерте білген.
Кәсіпорынға Айдосты іздеп барғанымызда, ауысыммен жұмысқа түскен сәті екен .
– Мен жұмыс істегелі бері мұндай ірі көлемде ақау анықтаған емеспін. 11-жолға тақ пойызды хабарлап, жүк пойызы келіп тоқтады. Бас автоматшы ретінде вагондарды қарап келе жатып басынан санағанда оныншы вагонның бүйір рамасындағы сынықты көзім шалды. Бұл жайында аға нұсқаушыға хабар бердім. Іле операторға хабарлап, вагонды шешіп, 41-ші жолға қойдық. Шындығында, мұндай жағдайды байқамағанымызда, вагонның жолдан шығу қаупі бар еді. Оның үстіне қатты жылдамдықта келе жатып құлаған вагон қарсы беттегі жолаушылар вагондарына да зақым келтірер еді. Вагондар Украинада жасалған. 2013 жылдан бері қолданыста жүр. Әлі деполық қараудан өтпеген. Деполық қарау бұл вагондарға 2016 жылға жоспарланған екен. Өзімнің таңдаған мамандығым «вагон қараушы». Сондықтан, болат жолдың бойында үш жыл еңбек етсем, алдағы еңбек жолымды осы саламен тығыз байланыстырамын деген ойдамын. Өз кәсібіме адал болғым келеді. Оның үстіне нұсқаушыларымыздың өткізген әрбір техникалық сабақтарынан білмегенімізді көңілге түйіп, шеберлігімізді шыңдап келеміз, – дейді Айдос.
Жалпы, Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушылары 2014-2015 жыл аралығында 43 бүйір рамасының ақауын анықтаған екен. Қырағы мамандардың жұмыс сапасын арттырудағы үлесі осындай. Сондықтан, депо басшылығы теміржолшылар қауымының төл кәсіби мерекесінде вагон қараушы Айдос Сұлтанбаевты «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ұсынды. Бұл құрметке әбден лайық Айдос Астанаға барып, «Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің қолынан аталған төсбелгіні алып келді.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47