Экономика • 10 Желтоқсан, 2025

Нарықта күміс қымбаттай бастады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спот нарығында күмістің бағасы сауда барысында 3 пайызға өсіп, унциясы 60,24 доллар деңгейіне жетті. Бұл металлдың жаңа тарихи максимумы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нарықта күміс қымбаттай бастады

Фото: Ашық дереккөз

Сонымен қатар алтын да қымбаттады: оның құны 0,4 пайызға өсіп, унциясы 4235,9 доллар болды.

CME FedWatch деректеріне сәйкес, бағалы металдар нарығындағы серпіліс АҚШ Федералдық резерв жүйесі сәрсенбі күнгі отырыста базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа төмендетеді деген болжаммен байланысты.

Сауда мәліметтері бойынша, мұндай ықтималдық трейдерлер тарапынан 89,6% деңгейінде бағаланып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, мөлшерлеменің тағы 25 базистік тармаққа төмендеуі алтын үшін оң фактор болып саналады. Нарық жоғары белсенділігін сақтап тұр және ФРЖ мәлімдемесінен кейін жаңа рекордтық көрсеткіштерге жетуі мүмкін.