Сараптау нәтижесінде 21 жас әнші байқаудың ІІ кезеңіне жолдама алды. Әділ қазылар қатысушылардың вокалдық шеберлігімен қатар сахнадағы мәдениеті мен шығарманы көркем жеткізудегі қабілеті де сараланғанын айтты.
Байқауда елімізге танымал әнші, сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы, эстрада жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова, жастар арасында кеңінен танымал әнші Ерназар Мэлсұлы, «Қаған» этнофольклорлық ансамблін құрушысы Нұрболат Әмірханұлы және ҚР мәдениет қайраткері Амантай Берғалиев қазылық етті.
Ән сайысының жүлде қоры 9 миллион теңгені құрайды. Бас жүлде — 2 миллион теңге, сондай-ақ І, ІІ, ІІІ орын иегерлері мен басқа да номинанттарға арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Шымкент