Қоғам • Бүгін, 09:52

Қайтарылған активтер: Жамбыл өңірін сумен қамтуға 15 млрд теңге бөлінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірде сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтарылған активтер: Жамбыл өңірін сумен қамтуға 15 млрд теңге бөлінді

Фото: Үкімет

Аймақтың Жамбыл ауданы аумағындағы Қызылшарық, Жаңаөткел, Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. Талас ауданына қарасты Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.

Ал осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысан облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал, Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар, Бірлік ауылдарында желілер реконструкцияланып, Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма, Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету – 98%-ды, ауылдық елді мекендерде – 99,3%-ды құрайды. Облыста барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылып жатыр, оның 13-і пайдалануға берілді.