Қоғам • Бүгін, 11:23

Балқаш көлі маңындағы жер телімі мемлекетке қайтарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік туристік кластерді дамыту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті (ЖРБД) Балқаш көлі жағалауы маңына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Балқаш көлі маңындағы жер телімі мемлекетке қайтарылды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Торанғалық ауылы аумағынан көп жыл пайдаланылмаған 0,5 гектар жер телімі анықталған. Аумақ кәсіпкерге демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген екен.

Жерді игеру туралы кәсіпкерге берілген нұсқама орындалмаған. Департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖРБД талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.