Департамент басшысы Әліби Тұрысбаевтың мәлімдеуінше, атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 55 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
«Биыл жыл басынан бастап департамент тарапынан еліміздің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу деректері бойынша 4 тергеу жүргізілді. Департамент қызметкерлері жүргізген тексерістер нәтижесінде 80 әкімшілік хаттама толтырды», деді Ә.Тұрысбаев.
Сондай-ақ Кентау қаласындағы «Кентау-Сервис» КММ-ға жүргізілген тексеру барысында 1 текше метр жылыту алаңы үшін бағаны 33 теңгеден 125 теңгеге дейін негізсіз көтергені анықталған. Аталған жайт бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 34 млн теңгеден асатын әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушылықты жою жөнінде нұсқама шығарылды. Осы іс бойынша департаменттің пайдасына сот шешімі шығарылған.