Саясат • Кеше

Нәтижелі келіссөз

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Корея «Alatau Smart City» жоба­сын дамыту бойынша ынты­мақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Нәтижелі келіссөз

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Корея­ның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпора­циясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді.

Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын ел­дің стратегиялық маңызды жоба­ларының бірі ретінде таныстырды.

«Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор «Alatau Smart City» жобамызды қол­да­ды, бұл бізді қуантады. KIND ин­фра­құрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыт­тарындағы жобаларға EPC-келісім­шарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады», деді Қанат Бозымбаев.

Кездесу барысында тарап­тар логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де әлеуетті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кең­сесін ашуды ұсынды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақ­стан Республикасының Өнер­кәсіп және құрылыс ми­нистр­лігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфра­құрылым және қа­лалық даму кор­порациясы ара­сында «Alatau Smart City» жобасын дамыту жөнін­дегі өзара түсіністік туралы мемо­ран­думға қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50