Фото: Ашық дереккөз
SofaScore дерегінше, Анарбеков жалпы кезеңде төрт матчқа қатысып («Пафос», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Интер»), әрбір ойын бойынша жинаған көрсеткіштерінің орташа бағасы 8.9 балға жетті. Бұл нәтиже барлық клубтар мен ойыншылар арасында ең үздік көрсеткіш.
Ал екінші орында «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе (8.34), үшінші орында «Галатасарай» ойыншысы Виктор Осимхен (8.33) тұр. Топ-5 қатарында норвегиялық «Бодо Глимт» қақпашысы Никита Хайкин (8.1) және ПСЖ ойыншысы Витинья (7.92) бар.
Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанған еді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы матчында MVP атағын иеленген алғашқы қазақ футболшысы болды.
Естеріңізге сала кетейік, UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында «Қайрат» грекиялық «Олимпиокоспен» ойнап, 0:1 есебімен жеңілді. Ал «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.