Оқиға • Кеше

Қостанайда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік қамауға алынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік қамауға алынды

Фото: Ашық дереккөз

Прокуратураның мәліметінше, сот күдіктіні қамауға алуға санкция берген. Ал өзге ақпарат жария етілмейді.

«Қостанай облысы бойынша ДКҚБ (ДКНБ) қызметкерлері қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізу барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Доспанов Е.-ні ұстады», делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

35 жастағы Ерболат Доспанов әр жылдары Қостанай қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында экономист, аталған қала емханасында бухгалтер, Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасында әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған.

2020 жылы ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған. 2024 жылы Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында экономика және әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болды. Кейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2024 жылы қайтадан Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне оралған.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50