Аз уақыттан кейін телефонға қоңырау түскен. Қоңырау соғушы – ұялы телефонын жоғалтып алған жас тұрғын екен. Жоғалған затын іздеп келген бозбаланың шынымен де телефон иесі екеніне көз жеткізгеннен кейін, әскери жасақ оны учаскелік полиция пунктіне жеткізіп, қажетті құжаттарды ресми түрде рәсімдеп, телефонды иесіне қайтарды. Әскери жасақ құрамында топ бастығы қатардағы Вячеслав Ким және патрульдеуші сарбаз қатардағы Александр Остапенко болды. Топ жетекшісі өздеріне жүктелген міндеттің маңызын атап өтті.
– Ұлттық ұлан сарбазы үшін ең бастысы – тәртіп пен адалдық. Біз табылған затты иесіне қайтару арқылы өзіміздің азамат алдындағы жауапкершілігімізді көрсеттік. Біз қызметте өте қырағы әрі адал болуымыз керек, – деді қатардағы Вячеслав Ким.
Телефон иесі ұландық сарбаздарға шынайы алғысын білдіріп, олардың адал қызметіне ризашылығын жеткізді.
Қырағылық пен әділдік – Ұлттық ұлан жауынгерінің басты қаруы. Мұндай игі істер әскери қызметшілердің ел алдындағы адал міндетін тағы бір дәлелдей түсті.