Заң • Кеше

Алматыда құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар талданды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық жаңғыртудың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар талданды

Халықаралық ғалымдар бас қосқан конференцияда келелі мәселер талқыға салынып, конституциялық реформалар мен заңнамалық жаңғыртулар жоғары деңгейде талданды.  Конференцияны ұйымдастырушысы – NARXOZ  университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі. Аталмыш конференцияны – Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев жүргізді.

Конференцияға шетелдік жетекші ғалымдар да қатысты. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының бас ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Олег Зайцев баяндамасында конституциялық реформалардың мемлекеттің қылмыстық саясатына әсері қарастырылып, қылмыстық нормалардың превентивтік сипатына басымдық беру қажеттігі атап өтсе. қырғыз ұлттық университетінің (Ж. Баласағын атындағы) заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Кынатбек Сманалиев «Құқықтық мемлекетті нығайтудың құралы ретіндегі конституциялық реформалар» тақырыбында баяндама жасап, Қырғызстандағы конституциялық реформалардың нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізді.

Конференция аясында Парламенттік реформаны жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Дүйсенов өзінің баяндамасында жүргізіліп жатқан Парламенттік реформа аясында конституциялық нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ал заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраеваның баяндамасында құқықтық мемлекет қалыптастырудағы құқықтық білім мен құқықтық мәдениеттің рөлі айрықша аталып өтті. Профессор өзінің баяндамасында құқықтық білім – бұл құқықтық білімдерді меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру жүйесі екеніне тоқталды.  

«Қазақстанда үздіксіз құқықтық білім беру жүйесі қалыптасқан: мектептің 9–11 сыныптарында «Құқық негіздері» пәні оқытылады, жоғары білім беру жүйесінде де құқықтық білім негіздері қарастырылған. Әсіресе, кәсіби заңгерлерді даярлауға айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Жақында 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері маңызды орын алады. Парламенттік реформаны іске асыру қоғамның барлық салаларында құқықтық ағартушылық жұмысты тұрақты жүргізуді талап етед» дейді Алуа Ибраева.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Аубакирова баяндамасында «Цифрлық Қазақстан» стратегиялық бағыты аясында конституциялық құндылықтарды зерделеуге арналды.

Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Шолпан Маликова  өз баяндамасында «Конституциялық кепілдіктердің және заңнамалық жаңғыртудың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы рөлі» жөнінде  қозғады.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың конституциялық кепілдіктері NARXOZ университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Анор Мукашева баяндамасында қарастырылып, қолданыстағы заңнамаға ғылыми талдау жасалып, ұсыныстар берілді.

Конференция ғылыми қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Конференция соңында шараны ұйымдастырушы NARXOZ университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры,  заң ғылымының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев  конференцияға  келушілерге алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025