Футбол • Бүгін, 16:29

«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол жанкүйерлері 2026 жылы Мексикада, АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына билеттердің тым қымбат болуына байланысты наразылық білдіріп, оларды сатып алмауға үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді

Фото: Ашық дереккөз

The Sun басылымының хабарлауынша, ағылшын жанкүйерлері Англия футбол қауымдастығының төрағасы мен бас директорына хат жолдап, шұғыл шара қолдануды талап еткен.

Болжам бойынша, финалдық ойынға арналған ең арзан билеттің өзі ағылшын жанкүйерлеріне 3 128 фунт стерлингке (2,1 миллион теңге) түспек. 

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды турнир болмақ. Әдеттегі 32 құраманың орнына АҚШ, Канада және Мексика ареналарында 48 ұлттық команда бақ сынайды.

Турнир 2026 жылдың 11 маусымында Мексикадағы атақты «Ацтека» стадионында басталады. Алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары кездеседі. Әлем чемпионы 2026 жылдың 19 шілдесінде Нью-Йорктегі (АҚШ) «Метлайф» стадионында өтетін шешуші матчта анықталады. Жақында ғана турнирдің жеребе тарту рәсімі өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44