11 еңбек мигранты қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде монтаждау жұмыстарын жүргізген. Тексеру барысында олардың тиісті рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Құқық бұзушылар полиция басқармасына жеткізілді.
«Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары заң алдында жауапқа тартылады. Құқық бұзушылар ел аумағынан шығарылуы мүмкін. Алдағы уақытта сот шешім қабылдайды. Ұсталған шетел азаматтары Қостанайға осыдан бірнеше күн келгені анықталды», деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде көші-қон заңын бұзған 1500-ден аса шетел азаматының жолы кесілген.
Қостанай облысы