Руханият • Бүгін, 08:10

Гарвардтағы дала конституциясының дәрісі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Гарвард университетінде Конституциялық сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, Maqsut Narikbayev университетінің қауымдастырылған профессоры Мүсілім Хасеновтің «Қазақстанның конституциялық эволюциясы: көшпелі басқарудан заманауи реформаларға дейін» атты дәрісі өтті. Дәріс ағылшын тілінде оқылып, Гарвардтың профессорлары мен студенттерін, сондай-ақ Бостон қаласындағы басқа да жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін жинады.

Гарвардтағы дала конституциясының дәрісі

Аталған дәріс барысында елі­міздің 560 жылдық конс­титу­ция­лық даму тарихы сөз болды. Дала конституциясынан (Қа­сым хан, Есім хан, Тәуке хан­дардың әдет құқығы кодекстері) бастап Жаңа Қазақстан дәуірінің қазіргі рефор­ма­ларына дейін қаты­сушыларға егжей-тег­жей түсін­ді­рілді. Дәрісте Қазақ мем­лекеттілігінің қа­лып­тасуының негізгі кезең­дері, хандар мен сұлтандардың, билер мен ұлттық зиялы қауымның рөлі айқындалды. Соның арқасында қазақ халқы елдігімізді сақтап, ең ауыр сынақтардан өте алғаны айтылды.

Бес тарихи кезең бел­гіленіп, қазақстандық конституционализмнің 12 негізгі деректі тірегі ұсынылды. Спикердің пікірінше, қазіргі ке­зеңнің басты құқықтық жетістігіне айналған Конс­титуциялық сот­тың жандануын қоса алғанда, еліміздің кон­с­ти­туциялық жаңғы­руының жаңа кезеңін белгілеген 2022 жылғы конституциялық рефор­маға ерекше назар аударылды.

Мүсілім Хасенов – 2025–2026 оқу жылында Гарвард университетінің Дэвис орталығында «Бола­шақ» бағдарламасы аясындағы ғылыми тағы­лымдамадан өтуге ша­қырылған ғалым. Ол Орталық Азиядағы құ­қық­­тық реформалар мен құқық үстемдігіне арнал­ған зерттеу жүргізіп жүр.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58