Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Корей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Машина жасау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, т.б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылғаны аталып өтті.
«Біз Корея Республикасымен стратегиялық серіктестік нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді жоғары бағалаймыз. Жаңа жұмыс орындарын құрдық, тың инновацияларды енгізіп, өндірістік жобаларды кеңейттік», деді Р.Скляр.
Өз кезегінде Корея Республикасының елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі саласындағы қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Елші, сондай-ақ, елімізді Халықаралық атом энергиясы агенттігіне қабылдануымен құттықтады. Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін атап өткен дипломат атом электр стансасын салуда сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Роман Скляр елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қатынасын дамытуға қосқан жеке қызметіне алғыс айтып, дипломатиялық мансабына табыс тіледі.