Аймақтар • Бүгін, 10:20

«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының осы жылғы наурыздағы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда «Kokshe Arena» заманауи көпсалалы спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді.

«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды

Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған.

Бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құрал­дармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.

Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақты­ру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Бас прокурор Берік Асылов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахмет­жанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары «World Boxing» халықаралық федерациясының прези­денті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.

Айта кету керек, «Kokshe Arena» – қай­тарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорт­тық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған.

Ақмола облысында Арнаулы мем­ле­кеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00