Тәуелсіздік • 10 Желтоқсан, 2025

Қаламгер шығармашылығына құрмет көрсетілді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның 80 жылдығына орай «Текті сөздің төресі» атты жазушыға 100 сұрақ форматында әдеби іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаламгер шығармашылығына құрмет көрсетілді

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара қаламгердің шығармашылық мұрасын дәріптеп, оқырманға жазушының көркем дүниелерін кеңінен таныстыруға бағытталды.

Әдеби-мәдени іс-шара сахналық қойылыммен ашылып, Елен Әлімжанның «Аққұмнан шыққан баламын», «Сері аға» әндерімен әдіптелді. Елен Әлімжанның ішкі әлемін кеңінен ашу үшін шақырылған құпия қонақтар, шәкірттері қаламгер мұрасы туралы кеңінен көсіліп, ізгі тілектерін арнады.

Іс-шара барысында жазушының «Бауыржанның пырағы» және «Абайтаудың арғы жағы мен бергі жағы» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі және аудио нұсқадағы кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды.

Басқосуда сөз алған Елен Әлімжан ерекшке форматта кеш ұйымдастырған арнайы кітапхана ұжымына алғысын жеткізді.

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58