Бүгін полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері арнайы техниканың күшімен қар құрсауында қалған 100 шақты автокөлікті Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін шығарып салды.
«Арнайы қызметтер көмек көрсетуге қашанда дайын. Алайда жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтауға шақырамыз», дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.
Қостанай облысы