Оқиға • Бүгін, 10:40

Air Astana әуе кемесінің Алматыға шұғыл оралуына қатысты ресми мәлімдеме жасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан елордаға бағыт алған ұшақ бортындағы кондициялау жүйесінен күмәнді иіс шығуына байланысты кері қайтуға мәжбүр болды. Әуе компаниясы бұл шешімнің жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Air Astana әуе кемесінің Алматыға шұғыл оралуына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, әуе кемесінің командирі ұшу қауіпсіздігін қатаң сақтау мақсатында Алматыға қайта оралуды ұйғарған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 07:40-та ешқандай қиындықсыз, штаттық режимде жерге қонды.

Күту залында болған жолаушыларға әуе компаниясы тарапынан салқын және ыстық сусындар мен жеңіл тіскебасарлар ұсынылған. Сапарды жалғастыру үшін қосымша ұшақ бөлініп, жолаушылар сағат елордаға қарай жөнелтіледі.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның себебін анықтау үшін әуе кемесіне толық техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Әуе компаниясы бұл шаралардың қалыпты қауіпсіздік хаттамасына сәйкес атқарылып жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар