Әкім буллинг және кибербуллинг мәселелерімен айналысатын жаңа ведомство құрылатынын атап өтті.
– Буллинг мәселесі біздің бақылауымызда. Әр мектепте өзінің психолог маманы бар. Сенім телефоны жұмыс істейді. Биыл ата-аналардың өтініші бойынша 2 мыңға жуық кездесу өткіздік, оның 200 жағдайында буллинг болғаны расталды. Бұл – өткір сұрақтардың бірі, сондықтан келесі жылы жаңа басқарма құру туралы шешім қабылдадық. Ол балалардың құқықтарын қорғау басқармасы болады, атын әлі де нақтылаймыз. Қазір бұл қызметтер білім басқармасыны жүктелген. Бірақ осы мәселеге ерекше көңіл бөлгіміз келеді. Себебі қаламыз үлкен, 355 мың оқушы бар, – деді ол.