Фото: Ашық дереккөз
Еуропарламенттің Threads әлеуметтік желісіндегі ресми мәлімдемесіне сәйкес, Ресейден келетін көгілдір отын импортына қатысты нақты кесте бекітілді. Жаңа жоспар бойынша, 2026 жылдың басынан бастап ресейлік сұйытылған табиғи газды сатып алуға біртіндеп тыйым салына бастайды.
Ал 2027 жылдың қыркүйегіне қарай Еуропа құрлығы құбыр арқылы келетін ресейлік газ импортын толықтай тоқтатуды көздеп отыр.
Еуропарламент өкілдері бұл шешімнің саяси астарына да тоқталып өтті. Мәлімдемеде Ресейдің ұзақ жылдар бойы энергетикалық ресурстарды қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып келгені, әсіресе 2022 жылғы Украинадағы соғыстан кейін бұл мәселе өткір сипат алғаны айтылған.