Президент • Бүгін, 11:51

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Фото: Ақорда

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
пп
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито Император сарайында қарсы алды. 
 
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00