Бизнес • 18 Желтоқсан, 2025

Сенат маңызды заң жобасын мақұлдады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген кей тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына рұқсат етілуі мүмкін. Себебі бүгін Сенат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Сенат маңызды заң жобасын мақұлдады

Фото: Ашық дереккөзден

Десе де кейбір лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қойылған жалпы тыйым өз күшінде қалады. Олардың қатарында аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты мүшелері, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерлері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшылары бар. 

Аталған санаттағы азаматтар үшін мүдделер қақтығысы, қызметтік мүлікті жеке мақсатта пайдалану немесе бизнес қызметтің негізгі міндеттерге кедергі келтіру ықтималдығы бойынша тыйым сақталған. 

Айта кетейік, мұндай өзгерістер Конституциялық соттың 2023 жылғы 13 маусымдағы шешімін орындау үшін әзірленген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35