АСТАНА. 23 наурыз. Үстіміздегі жылдың наурыз айының басында Түрікменстанның ірі кәсіпкерлері отбасыларымен бірге елден бой тасалады. Олардың басым бөлігі Біріккен Араб Әмірлігінен, қалғандары Түркия мен Ресейден үй сатып алған. Бұл туралы chrono-tm.org хабарлады.
Тарата айтар болсақ, кәсіпкерлердің бірі Түрікменстанда жұмыс істеу мүмкін емес дейді. Себебі, ел президентінің туыстары ірі-ірі компаниялардың жұмысына кедергі келтіріп, бизнес саласында олардың табыстарын өз бақылауларында ұстағысы келетін көрінеді.
Сондай-ақ, әлгі азамат: «Мен салық төлеуден теріс айналдым. Өйткені, олардың ақшаға деген тәбеттері күн сайын емес, сағат сайын артып барады. Елде қаржылық шиеленіс, салық төлемдерінің өсуі анық байқалып отыр. Кәсіпкерлердің дерлігі шығынға батты. Мұнда ешқандай болашақ жоқ. Шетелдік ірі компаниялардың елден тез кетуі бекер емес», – депті.
Айта кетейік, әзірге елден шығып кеткен 6 кәсіпкердің аты белгілі болып отыр. Алайда, бұлардан бөлек қанша бизнесмен Түрікменстаннан кеткенін ешкім дөп басып айта алмауда. Олардың арасында мемлекетпен және Polimeks, Halliburto секілді танымал фирмалармен әріптестік байланыс орната отырып, елге құрылыс техникалары мен материалдарын, мұнай және газ қондырғыларын тасымалдаушы құрылымдардың жетекшілері бар.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: chrono-tm.org.

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше