Қылмыс • Кеше

Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Онда жанжал бағаға қатысты шыққаны айтылған. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермегенін хабарлаған.

Алматы полиция департаменті Kazinform тілшісіне бұл ақпаратты растады.

Ведомствоның мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар