Қоғам • Кеше

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың айтуынша, биылғы деректерге қарасақ, нарық баяулаған. Алайда баға күрт төмендейді деу ерте, деп жазады Egemen.kz.

 

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

2025 жылы тұрғын үй бағасы 15,6%-ға қымбаттаған. Қараша айында жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 568,8 мың теңгеге жетті. Жылдық өсім инфляциядан жоғары болғанымен, айлық өсім бар болғаны 2,5% болды. Бұл нарықтағы қызыудың біртіндеп басылып жатқанын аңғартады.

Сарапшылар қарашада шамамен 40 мың сату сатып алу мәмілесі тіркелгенін айтады. Қазанмен салыстырғанда аздау, бірақ былтырғы көрсеткіштен жоғары. Бұл сұраныстың толық жоғалмағанын, алайда сатып алушылардың шешім қабылдауда сақ бола бастағанын көрсетеді.

«Баға динамикасы өңірлер бойынша әркелкі. Алматыда баға ең жоғары деңгейде қалып отыр. Ал Астанада бір айда баға төмендеп, орташа республикалық көрсеткішке әсер етті. Шымкент, Тараз, Өскеменде де бағаның аздап төмендегені байқалды. Тұрғын үй нарығын қазір ипотека ұстап тұр. 2025 жылдың 9 айында ипотекалық несие нарығы 25% өсті. Нарықтың 67%-ы мемлекеттік бағдарламалардың үлесінде, ал коммерциялық ипотеканың үлесі 33%-ға дейін қысқарған. Құрылыс көлемі артқанымен, сарапшылар құрылыс материалдары мен қосалқы шығындардың қымбаттауы бағаның төмендеуіне жол бермей отырғанын атап өтеді», дейді Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары.

Демек келер жылы тұрғын үй бағасы күрт құлдырамайды. Тек жаңа Құрылыс кодексінің енгізілуі, үлестік құрылыс талаптарының қатаюы, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі, зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі бағаға қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар