– 23 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге тиесілі автокөлікті анықтады. Көлік Ақадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта, Ортау ауылы бағыты бойынша, таулардың ортасындағы дала жолынан табылған. Автокөлік қарға көміліп қалған. Автокөлік салонын тексеру кезінде көліктен ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы