Пікір • Бүгін, 08:40

Отанға – құрмет, маманға – мәртебе

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маған «Үздік жас өндіріс қызмет­кері» аталымы бойынша І орын алып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл жетістік ме­нің ғана емес, адал еңбекті өмірлік ұста­ным еткен барша жұмысшы маман­дардың еңбегіне көрсетілген құрмет.

Отанға – құрмет, маманға – мәртебе

Сурет: naryntany.kz

Еңбек жолым Алматы облысы, Іле ауданындағы «БЕНТ» ЖШС зауыт асханасында аспаз көмекшісі болып еңбек етуден бас­талды. Кейін шпал цехында металл қалыптарды тазалау, майлау жұмыстарын атқарып, өндірістің жауапты үдерісіне араластым. Уақыт өте келе кран машинистерін оқыту сынды маңызды міндет сеніп тапсырылды. Сол сәттен бастап өз ісіме бар күш-жігерімді арнап, осы салада табанды еңбек етіп келемін.

Бүгінде кәсіби біліктілігімді арттыру – басты мақсатым. 10-15 жылдық еңбек өтілі бар әріптес­терім­нің ақыл-кеңесін тыңдап, тәжі­ри­бемді толықтырып отырамын. Өндірістегі әрбір күнім – шыңдалу мен өсу мектебі. Адал еңбек еткен адам­ның отбасы, жора-жолдасы мен ор­тасында да абыройы артып, зор құрметке ие болатынын аз уақыт­тағы тәжірибемде айқын сезіндім.

Мен үлкен әрі тату отбасында өстім. Ата-анам, ата-әжем, бауырларыммен бірге бір шаңырақ астында тәрбиеленіп, еңбекқорлық пен жауапкершілікті бала кезден бойы­ма сіңірдім. Отбасым – ең басты тірегім, еңбектегі күш-қуатымның қай­нар көзі. Бос уақытымда таза ауа­да серуендеп, күнделікті еңбектен сергіп, жаңа күш жинауға тырысамын. Бұл алдағы мақсаттарыма сеніммен қадам басуға көмектеседі.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясын­да қарапайым еңбек адам­дары­­­ның еңбегі ел көлемінде лайық­ты ба­ға­ланып жатқанына шын жү­рек­тен қуа­­ныштымын. Осы орайда ең­бек ада­мы­ның мәртебесін арт­тыру­ға бағы­т­талған бастамалары үшін Мем­­л­е­кет басшысына алғысым­ды біл­­діремін. Еңбекке көрсетілген құр­мет – Отан болашағына салынған берік негіз.

 

Дильфуза БАҚЫТЖАНОВА,

«Фирма «Бент» ЖШС краншысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Алматы облысы,

Іле ауданы 

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50