Елорда • 25 Желтоқсан, 2025

Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық сый жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады

Фото: Ұлттық ұлан, телеграм

Сауда орталығы қонақтары үшін күтпеген сәтте әскери киімдегі ұландықтар көпшілікке сүйікті жаңажылдық әуендерді орындады. Мерекелік перформансқа ІІМ Ұлттық ұланының ерлер хоры мен Үлгілі-көрсетімді оркестрі қатысып, Jingle Bells және қазақ тіліндегі Happy New Year секілді танымал композицияларды шырқады. Көрермендер өнерпаздарды жылы ықыласпен қарсы алды.

Музыкалық қойылым небәрі бірнеше минутқа ғана созылғанымен, бұл уақыт адамдарға шынайы эмоция мен мерекелік көңіл-күй сыйлауға жеткілікті болды. Сауда орталығының келушілері бір сәтке аялдап, болған сәтті телефонға түсіріп, әскери қызметшілердің әндеріне қошемет білдірді.

Қаланың қарбалас тіршілігінде бұл тосын концерт күнделікті күйбеңнен бір сәтке алыстатып, Жаңа жылдың жақындағанын сезінуге мүмкіндік берді.

Ұлан

Әскерилердің айтуынша, олардың басты мақсаты – адамдарды қуантып, шынайы әрі жылы эмоциялардан туындайтын мерекелік көңіл күйді бірнеше минутқа болса да тарту ету.

Соңғы жаңалықтар