Мақашеваның айтуынша, Қазақстанға сырттан әкелінетін көліктердің бағасы өседі. Ал отандық өндірістегі көліктердің құнына жаңа зауыттың іске қосылуы әсер етеді.
«Әсіресе, Қазақстандағы ресми дилерлер арқылы сатылатын жаңа импорттық көліктердің бағасы 4–5 пайыздан артық көтерілмейді деп күтілуде. Ал отандық өндірістегі кейбір модельдер бойынша бағаның төмендеуі байқалады. Алматы қаласында жаңа мультибрендтік зауыт ашылғаннан кейін көліктердің бағасы модельге байланысты 2-17 пайызға арзандады», деді Мақашева.
Қазіргі уақытта адам өмірін сақтандырып, жол апатынан қаза тапқан жағдайда сақтандыру төлемінің ең жоғарғы мөлшері шамамен 7 миллион теңгені құрайды. Депутаттар бұл соманы екі есеге арттыруды ұсынып отыр. Мәжіліс депутатының сөзінше, заң жобасын Үкімет қолдаған.
Атап айтқанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін төлем мөлшері 1600 айлық есептік көрсеткіштен 3200 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі, бұл шамамен 12,5 миллион теңге. Екінші топтағы мүгедектер үшін төлем 1200-ден 2400 айлық есептік көрсеткішке (9,4 миллион теңге) артады, ал үшінші топ үшін 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (3,9 миллион теңге) дейін көтеріледі.