Жастар • 26 Желтоқсан, 2025

«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өз мәресіне жетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонының жабылу салтанаты өтті. Тағылымды іс-шара Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz

«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өз мәресіне жетті

Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және өзге де қонақтар қатысты.

«Ардагер өсиеті» марафоны 25 маусым мен 24 қыркүйек аралығында өтіп, еліміздің барлық 20 өңірін қамтыды.

Төрт ай бойы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өсиет-хаттары жинақталды. Бастаманың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, тарихи құндылықтарды сақтау және насихаттау.

Марафон қорытындысы бойынша ардагерлермен түскен естелік фотосуреттер мен бар ақпарат «Батырларға тағзым» порталына жүктеліп, өсиет хат Әскери-тарихи музей қорына табысталды.

Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімі беріледі

Сондай-ақ «Ел үшін туған ердің ізі» атты көрме мен ерлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музейдің ғылыми қызметкерлері Бауыржан Момышұлының ерлігі мен соғыстан кейінгі өмірі туралы ғылыми баяндамалар жасады. Бұдан бөлек, Б.Момышұлына арналған арнайы экспозиция және жасанды интеллект технологиясы арқылы батырдың дауысы қолданылған аудиоспектакль ұсынылды.

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейімен бірлесіп ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар