Аталған жарыста Қазақстанның зілтеміршілері табысты өнер көрсетті. Атап айтсақ, Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), Сәния Орманбаева (86 кг) және Ақерке Байманап (+86 кг) алтын алса, Марта Давлетиярова (86 кг) күміс медальді иеленді. Бұл спортшылардың барлығы да майталман мамандардың назарында жүргендер. Сол себепті олардың бұл табысы жанкүйерлерді таңдандырған жоқ. Жалпы есепте жерлестеріміз жарыс қожайындарынан кейінгі екінші орынды иеленді.