Басылым • Кеше

Тырнақалды жинақ

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында «Egemen Qazaq­stan» газетінің ең жас тілшісі Бек­зат Құлшар дайындаған «О, ғаламат!» атты жи­нақ жарық көрді.

Тырнақалды жинақ

Бекзат – ізденімпаз тіл­ші. Ол біраздан бері бас ба­сылымның соңғы бетіндегі «Ғалам ғажаптары» айдары аясында әлемдегі таңдай қақ­тырар таңғажайыптар туралы оймақтай дүниелерін ұсынып келеді. Жинаққа осында жарық көрген жазбаларын құрастырған. Туынды 7 тараудан тұрады. Әр тарау тақырыпқа сай жинақталған. Кітапқа БАҚ саласындағы Президент сый­лығының лауреаты Талғат Батырхан алғы сөз жазған.

«Алдарыңыздағы алақандай жазбалар арқылы көзіқарақты көпшілік белгілі жайлардың белгісіз сырларына қанығары анық. Таным көкжиегін кеңейтер талай деректермен танысып, керемет рухани байлыққа кенелері тағы талас тудырмайды», дейді белгілі журналист.

Шынында, мұндағы әрбір дерек қызық. Адам айтса сенгісіз қилы-қилы оқиғалар таңғалдырады. Құмартып оқи­сыз. Мәселен, сіз 5 жасында пьеса жазған баланы білесіз бе? Білмесеңіз, айтайық. Атақты Вольфанг Моцарттың әкесі Леопальд – Аустриядағы белгілі композитор болған. Бірде әкесі 4 жастағы Вольфидің жазған «шатпағын» байқайды. Қараса, тәп-тәуір музыкалық композиция. Осыдан бастап Леопольд ұлын музыкаға мықтап баулиды. 5 жасында Вольфи тіпті клавир аспабына арналған екі бірдей музыкалық пьеса жазып шығарған. Кітапта осындай қызықты деректер көп кездеседі. Әсіресе балаларға берері мол. Қысқасы, алғашқы жинағы оқырманға жол тартқан жас әріптесімізге сәттілік тілейміз!

Соңғы жаңалықтар