Спорт • 29 Желтоқсан, 2025

«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» футбол клубының басшылығы маусым қаһарманы, қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты түбегейлі шешім қабылдады. Клуб 22 жастағы дарынды ойыншыны осы қыста ешбір командаға бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды

Фото: Ашық дереккөз

AmanVibe басылымының хабарлауынша, «Қайрат» ұлттық құрама қақпашысын негізгі құрамда қалдыруға бел буғанын растады.

«Шетелдік клубтар тарапынан қызығушылық зор болғанымен, үздік қақпашыға әлі нақты ұсыныстар түскен жоқ. Ақпарат көздерінің айтуынша, тіпті қомақты ұсыныс түссе де, клуб Анарбеков сияқты негізгі ойыншысын жіберуге құлықты емес», делінген хабарламада.

Еске салсақ, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Селтикке» қарсы ойында пенальти сериясында өзін көрсетіп, «Қайратқа» тарихта тұңғыш рет турнирдің негізгі кезеңіне жолдама әперген болатын.

Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанған еді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы матчында MVP атағын иеленген алғашқы қазақ футболшысы болды.

Қазіргі таңда Анарбеков турнирдегі ең жоғары сейв көрсеткішімен (бір ойында орташа 6,75 соққы) үздік қақпашылар рейтингінде көш бастап тұр.

Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?

Соңғы жаңалықтар