Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің қысқа мерзімді мәліметіне сүйенсек, 30-31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Елдің оңтүстігінде негізінен жаңбыр жауады деп күтіледі. Сонымен қатар республиканың барлық аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады және екпінді жел соғады.
Температуралық көрсеткіштер төмендегідей өзгереді:
- Солтүстік пен орталықта 30 желтоқсанда: –2...+3 градус жылы;
- Шығыста 30-31 желтоқсан күндері: –2...+3 градус жылы;
- Оңтүстік аймақтарда: +5...+15 градус жылы.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысындағы «Үшарал – Достық» автожолының бір бөлігі (84 – 164 шақырым аралығы) көлік қозғалысы үшін жабық екенін ескеру қажет.
Мамандардың пайымдауынша, 2026 жылы көктем ерте басталады. Наурыз айында еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы климаттық нормадан 1°С-қа жоғары болады деп болжанып отыр.