Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025

Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Ортадересін ауылдық округінде тұрғындар үшін аса маңызды әлеуметтік нысан – жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Бұған дейін Ортадересін ауылында медициналық қызмет көрсететін жеке ғимарат болмаған. Ауылда бүгінде 270 адам тұрады, оның ішінде 70 бала мен бірқатар егде жастағы тұрғын бар. Сонымен қатар, 20-ға жуық тұрғын диспансерлік есепте тұр. Аудан орталығынан 245 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл үшін бұл медициналық пункттің маңызы ерекше.

Жаңа нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып, оған 135 миллион теңге қаржы бөлінген. Заманауи талаптарға сай бой көтерген медициналық пункт алты бөлмеден тұрады. Мұнда қабылдау бөлмесі, процедуралық кабинет, физиотерапия кабинеті, дәрі-дәрмек сақтайтын қойма, дезинфекциялық кабинет, акушерлік кабинет, сондай-ақ ас үй қарастырылған.

Науқастардың демалып, ем қабылдауына барлық жағдай жасалған. Медициналық пунктке жас маман жұмысқа қабылданып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға білікті кадр тартылып отыр.

Қаңтар айынан бастап мұнда қосымша қызметкерлер қабылданып, нәтижесінде 4 жаңа жұмыс орны ашылады.

Соңғы жаңалықтар