Экономика • Бүгін, 07:52

Газдың серпінді кешені

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында «Теңіз» кен орнынан алынған газды түрлі қоспадан айыратын кешеннің құрылысы бас­­талды. Жаңа нысанды іске қосу 2028 жылдың со­ңына пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.

Газдың серпінді кешені

Сурет: rbc.ru

Жобаны «KMG Petro­Chem» ЖШС іске асырады. Ком­па­нияның басқарма төрағасы Диаз Дияновтың дерегіне қарағанда, құрылыс жұмысы халықаралық консорциуммен бірлесе атқары­лады. Консорциумға Италияның Tecnimont S.p.A. (Maire тобы) жетекшілік етеді. Оның құра­мында CCIC (Ливан) компаниясы да бар.

«Газ өңдейтін кешеннің қуаты жылына – 9,1 млрд текше метр. Еліміздің мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуға серпін беретін нысан құрылысының ала­ңында 22 мыңға жуық қада қа­ғылады. Қаданың бәрі қазақ­стандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл жоба «Сил­лено» компаниясының полиэтилен шығаратын зауытын жылына 1,6 млн тонна этанмен қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Кешен іске қосылған соң жылына 360 мың тоннаға дейін пропан өндіреді. Бұл фракциялар «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін құрғақ тазартылған газдан бөлініп алынады», дейді Д.Диянов.

Оның дерегіне сүйенсек, нысан құрылысы кезінде отандық қамту үлесін арттыруға басымдық беріледі. Құрылысқа отандық кәсіпорындар, өндірістік сервис­тер және білікті мамандар тарту көзделіпті.

«Қазақстан кәсіпорындары шығаратын өнімдерді ауқымды көлемде пайдалану жоспарланып отыр. Мәселен, 1 млн 193 мың текше метр инертті материал, 27 мың тоннадан астам металл конструкциялар, 7 модульдік қосалқы станса, 62 трансформатор, 220 кВ ашық тарату құрылғысы негізгі электр-техникалық жабдықтар, пропан сақтауға арналған көлденең буллиттер мен 4 ірі колонна түріндегі ірі технологиялық құрылғылар сатып алынады. Құрылыс жұмысы қарқын алған кезде Атырау және Маңғыстау облысының тұрғындары үшін 3 500-ге дейін уақытша, 400 тұрақты жұмыс орны ашылады», дейді Д.Диянов.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Тәртіпті тізгінші

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:58

Жұмыс орны және өңірлік карта

Аймақтар • Бүгін, 09:55