Биылғы мерекелі жылы Көкше жұртшылығы қоғамдық өмірдің барлық саласында игі бастамаларымен ел назарын аударуда. Соның бірі ретінде спортшы мұғалімдер Қалибек Әбілов пен Балғабай Құлпейісовтің Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне 550 шақырымдық сапар бастауын айтар едік.
Марафоншы азаматтар тәлімдік шара аясында Бурабайдағы Абылай хан алаңынан Қарағанды облысындағы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайына дейін жаяу жүріп өтпек. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының және «Нұр Отан» партиясының туларын асқақ көтерген жігіттерді Ақмола облысының танымал тұлғалары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, қалың жұртшылық айрықша салтанатпен шығарып салды.
– «Нұр Отан» партиясы өз елінің тарихын дәріптеумен қатар, саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап жүрген азаматтарды әрқашан қолдап, демеушілік көмек көрсетіп отырады, – деді партияның Ақмола филиалы «Жас Отан» қанатының жетекшісі Жанаргүл Жүнісова. – Мұндай танымдық шаралар жастар бойында патриоттық рухты қалыптастырып, тарихи оқиғаның маңызын қалыңдата түседі.
Марафоншылар сапар барысында Қазақ хандығының қалыптасуында өзіндік тарихи орны бар елді мекендерде болып, тұрғындармен кездесулер өткізеді. Олар алдымен Ақмола облысының Бұланды, Шортанды, Целиноград, Қорғалжын аудандарындағы мәдени-көпшілік шараларға қатысып, Астана, Шұбаркөл, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен қауышады.
Ұлытауға жасалған ұлы сапар сәтті аяқталатынына сенім мол. Өйткені, көкшелік қос желаяқ бұған дейін Құрманғазы, Абай, Бөгенбай батыр мерейтойларына, Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына және Абылай ханның 300 жылдығына арналған марафондық мерейлі межеге абыроймен жеткені ел есінде.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10