Құқық • Бүгін, 07:25

«Айқын нәтиже» жемісті аяқталды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі екі ай ішінде Астананың Алматы ауданында Бас прокуратураның бастамасымен айрықша жоба қолға алынып, сәтті аяқталды. Бұл – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы «Айқын нәтиже» жобасы. Мамандардың айтуын­ша, ол құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімділігін көрсетіп, заңды белшесінен басу факторларын жоюға септігін тигізген.

«Айқын нәтиже» жемісті аяқталды

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Бас прокуратураның үйлестіруімен екі ай бойы қоғам­дық орындардағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды. Ол үшін дрон арқы­лы қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылаудан бастап, көше қылмыстарын болжау үшін жасанды интеллектіні қол­дануға дейінгі дәстүрден тыс тәсілдер сыннан өткізілді. Нәти­жесінде, бұл кешенді бастамалар елорданың Алматы ауданын­дағы криминогендік ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді.

Атап айтқанда, көшедегі қылмыстар 32%-ға төмендеп, оның ішінде қасақана ауыр, орташа және жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын келтіру деректері тиісінше 50%, 38% және 37%-ға азайған. Сондай-ақ ұрлықтар 23%-ға, бұзақы­лық 100%-ға, адам өлтіру қылмыстары 66%-ға қысқар­ғаны бел­гілі болып отыр. Ал қылмыстардың жалпы ашылу дең­гейі 14%-ға артты.

Қанатқақты жобаның нәтижелері Бас прокуратурада өткен кеңесте талқыланып, қадағалау органының басшысы аталған жұмыс моделін бүкіл ел аумағында қолдана беруді тапсырды. Сонымен қатар жобаны тиімді енгізгені үшін Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының, әкімдігінің және полициясының бірқатар қызметкері Бас прокурордың бұйрығымен марапатталды.

Бұған қоса, таяу күндері Астана қаласында прокуратура­ның ұйымдастыруымен «Қамқорлық пен Заң» жобасы өткенін айта кетейік. 26 желтоқсанда елорданың Сарыарқа аудандық прокуратурасының бастамасымен қосымша қажет­тіліктері бар адамдардың қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық жарыс барысында қатысушылар өз қабі­леттерін көрсетуге, қоғамның қолдауын және жар­қын жағымды эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алды. Нәти­жесінде, қатысушыларға естелік марапаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар