Сонымен қатар Ақ үй басшысы ХАМАС қаруын тастауы тиіс екенін тағы да талап етіп, керісінше жағдайда «өте қатаң салдары» болатынын айтты. Трамп журналистерге Палм-Бичтегі Мар-а-Лаго резиденциясында пікір білдірді. Оның айтуынша, АҚШ-тың маусым айындағы соққысынан кейін Иран жаңа нысандарда зымыран және ядролық әзірлемелерін қайта жандандыруы мүмкін деген ақпарат бар.
«Олардың қарулануды қайта күшейтіп жатқаны туралы оқыдым. Егер солай болса, біз жойған нысандарда емес, басқа жерлерде істеп жатқан болуы мүмкін. Біз олардың қайда барып, не істеп жүргенін нақты білеміз. Олар мұны істемесе екен деймін, өйткені B-2 ұшағымен бекер отын жағуды қаламаймыз. Ондай ұшу барып-қайтуға 37 сағат кетеді», деді Трамп.
Осы уақытта Иранда ұлттық валюта – риалдың күрт құнсыздануы мен инфляцияның өсуі тіркелді. 29 желтоқсанда ашық нарықта доллар бағамы шамамен 1,39 млн риалға жеткен. Ирандық БАҚ Тегеран, Исфахан, Шираз және Мешхед қалаларында, соның ішінде дүкен иелері қатысқан наразылықтар өткенін жазды. Reuters бұл жағдайдың негізгі себептері ретінде 2018 жылы АҚШ қайта енгізген санкцияларды және экономиканы ырықтандыруға қатысты соңғы шешімдер аясында валюта нарығына түскен қысымды атайды.
Елдің Орталық банкінің төрағасы Мохаммад Реза Фарзин отставкаға кеткен. Оның өтініші президент Масуд Пезешкианның мақұлдауын күтіп отыр.