Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» порталы
Корпорация мәліметінше, 2026 жылдың 1–2 қаңтары мен 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (МХҚКО) толық жұмыс істемейді.
«3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып есептеледі. Азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады», делінген корпорация таратқан хабарламада.
5–6 қаңтар жұмыс күні болғандықтан ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.