Президент • 31 Желтоқсан, 2025

Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz

Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды

Фото: akorda.kz

Стипендияға әдебиет және өнер қайраткерлері ұсынылды. Оның ішінде елге еңбегі сіңген бірқатар азамат бар. Атап айтсақ, ақын Олжас Сүлейменов, Серік Тұрғынбекұлы, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов мемлекеттік стипендияның иегерлері атанды. Ал өнер аталымында Қайрат Байбосынов, Досхан Жолжақсынов, Нұрғали Нүсіпжанов сынды мәдениет қайраткерлері бар.

Мемлекеттік стипендияға ұсынылған азаматтардың толық тізімі Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар