Мереке • Бүгін, 15:05

Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлем халықтары үшін Жаңа жыл – күнтізбедегі жаңа күн емес, үміт пен жаңарудың, өткенге есеп беріп, болашаққа сеніммен қараудың бастамасы. Жер шарының әр түкпірінде бұл мереке әртүрлі аталып, әрқилы дәстүрмен тойланғанымен, жаһан жұртын жақсылыққа деген сенім біріктіреді, деп жазады Egemen.kz.

Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?

Фото: ЖИ

Жаңа жыл қарсаңында АҚШ-тың ірі қаласы Нью-Йорктің Times Square алаңы әлем назарын өзіне аударады. Жаңа жыл түні мыңдаған адам жиналып, түн ортасында аспаннан баяу төмендеген алып шарды тамашалайды. Бұл сәт америкалықтар үшін  ескі жылдың аяқталып, жаңа жылдың басталғанын білдіретін ерекше белгі. Іс-шара аясында отшашу ұйымдастырылып, адамдар жылы шыраймен бір-біріне ізгі тілектерін арнап жатады.

пп

Француздар Le Réveillon-ды, яғни жаңа жылды отбасымен бірге атап өткенді жөн көреді. Олар үшін мерекелік дастарқанда теңіз устрицасы, ірімшік, фуа-гра секілді ұлттық тағамдардың болуы міндетті. 

Жаңажылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Жапония жұрты үшін жаңа жыл ең маңызды рухани мерекелердің бірі. Жыл соңында ғибадатханаларда қоңырау 108 рет соғылады. Қоңырау үні адам баласының бойындағы жаман қасиеттерден арылуға үндейді. Таңертең жапондар ғибадатханаға арнайы барып, жаңа жылға орай ақ тілектерін айтады. 

Қытайда жаңа жыл Ай күнтізбесіне сәйкес тойланып, он бес күнге дейін жалғасады. Мерекелік безендірулерде қызыл түске басымдық беріледі. Үйлердің маңы мен көшелерде айдаһар биі биленіп, отшашумен көмкеріледі. Қытайлықтар үшін бұл мереке – отбасы мүшелерінің басы қосылып, молшылық пен бақ-берекені шақыруға арналған салтанатты сәт.

ыы

Ал швейцариялықтар жаңа жылды байыппен қарсы алуды жөн санайды. Отбасы мүшелері бір дастархан басына жиналып, ірімшік пен фондюден дәм татады. Елдің кей өңірлерінде тұрғындар жамандықты қуып шығу мақсатында дәстүрлі киіммен ауылды аралайды.

Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?

Үндістанда жаңа жыл әр аймақта әртүрлі күндері аталып өтіледі. Кей жерлерде ол көктемде тойланып, адамдар ғибадатханаларға барып, үйлерін гүлмен, шаммен безендіреді. Бұл мереке – рухани тазарып, жаңа өмірге қадам басудың белгісі.

Түркияда да жаңа жыл отбасылық сипатта өрбиді. Адамдар үйлерін безендіріп, Noel Baba бейнесін орнатып жатады. Бауырлас ел халқы түн ортасында анар жемісін жару дәстүрі арқылы молшылық пен берекені шақырады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Ал Орталық Азия елдерінде жаңа жылды отбасылық мереке санайды. Әсіресе балалар үшін мерекелік көңіл күй жасау дәстүрге айналып кеткендей. Іс-шараларға Аяз ата мен Ақшақар қатысып, балалардың тілегін орындап жатады. Десе де аталған аймақта көктемде атап өтілетін Наурыз мерекесі ұлттық жаңа жылдың басты нышаны екені сөзсіз. 

Соңғы жаңалықтар