Аймақтар • Бүгін, 16:42

Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында тұрғын үй алаптарын кезең-кезеңімен газға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында мегаполистегі екі ірі Алтынтөбе және Тассай шағынаудандарына табиғи газ берілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді

Фото: gov.kz

Алтынтөбе тұрғын алабына тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асады. Нәтижесінде 343 үй табиғи отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Құрылыс-монтаж жұмысы бір жыл көлемінде жүргізілген.

Осы күні қаланың ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі Тассай шағынауданында табиғи газға қосу рәсімі өтті. Мұндағы газ құбырының ұзындығы 68 шақырымнан асады, жоба аясында 3 341 үй табиғи газға қол жеткізді.

Шымкентте бір күнде қос кәсіпорын ашылды

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, Тассай тұрғын алабын газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейінгі алғашқы екі кезеңде 2 566 абонент табиғи газға қол жеткізсе, үшінші кезеңде тағы 775 үй қосылып отыр.

Табиғи газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарт алу жөніндегі өтінішті Egov Mobile мобильді қосымшасы немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Соңғы жаңалықтар