Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путинмен кездесулері бейресми сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл туралы Ресей президентінің өзі Тоқаевқа таяуда Санкт-Петербургте өткен басқосуда Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын жеткізген.
Тоқаев экс-президенттің Мәскеуге сапары туралы: Не айтылғаны маған қызық емес
Бауыржан Бабажанұлы сауалында Кремльдегі кездесуде Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалғанын, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шыққанына назар аударды. Осы орайда «Turkistan» газетінің бас редакторы Қасым-Жомарт Тоқаевтан билік транзиті туралы не айтатынын сұрады.
«Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар», деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа салық реформасына қатысты ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ екенін атап өткен еді.