Digital • 06 Қаңтар, 2026

Тың бағдарлама іске қосылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техникалық және кәсіптік білім жүйесіне жасанды ин­теллектіні енгізуге арналған республикалық бағдарлама іске қосылды. Жаңа жоба Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде жасанды интеллект (AI) құралдарын қолдануға бағытталған.

Тың бағдарлама іске қосылды

Сурет: astanatv.kz

Аталған бағдарламаны Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан серіктес компанияларымен бірге жүзеге асырырып жатыр.

Жауапты ұйымның тарат­қан ақпаратына сүйенсек, осы жоба аясында елордада «Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект құралдары: оқыту тиімділігін арттыру» тақырыбында тегін біліктілікті арттыру курстарының ресми ашылуы өтті. Бастама IT-саласының маманы емес колледж оқытушыларына арналған және Астана қаласын, сондай-ақ Ақмола мен Қарағанды облыс­тарын қамтиды.

Жобаның негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық және технологиялық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдануға үйрету. Оқу бағдарламасы 10 аптаға жоспар­ланған және гибридті форматта өтеді. Қатысушылар заманауи вир­туалды платформалар арқы­лы теориялық білімді тәжі­рибемен ұштастырып, практи­калық дағдыларын жетілдіреді.

Бағдарламаның басты ерек­шелігі – оның практи­калық бағыттылығы. Тыңдау­шылар әлемнің жетекші универ­ситеттерінде білім алған сарап­шылардың дәрістерін тыңдап, халықаралық техно­ло­гия­лық компаниялар өкіл­дерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Қорытынды кезеңде білім мен бизнес саласына ар­нал­ған AI-жобаларды әзірлеуге ба­ғыт­талған «Hackathon Battle» ұйымдастырылады.

Оқуды сәтті аяқтап, өз жобаларын қорғаған қатысушыларға «Talap» КеАҚ-тың ресми сертификаттары табысталады.

Соңғы жаңалықтар