Фото: Қорғаныс министрлігі
Ерекше қабілет иесі небәрі 24 жаста. Ол 20 елді аралаған.
«Тілді игеру үшін жүйені түсіну, ережелер мен заңдылықтарды ажырата білу керек. Сол арқылы бөтен дыбыстар мен таныс емес сөздерден сөйлем құруға болады. Адамның қалауы алдынан есік ашады, табандылық зерттелмеген әлемге жетелейді, ал жүйе адаспауға көмектеседі», дейді Мәди Қайсарұлы.
Екі тілді ортада тәрбиеленген ол ана тілін және орыс тілін еркін меңгерген. Ал шет тілі ретінде әуелі ағылшын тілін игерген, кейін лицейде түрік тілін оқып, Испанияда білім алған кезінде испан тілін меңгерген.
Сарбаз тағы үш-төрт тілде еркін сөйлегісі келеді екен, өзінің айтуынша, тіл білу адамға бүкіл әлемге жол ашады.
Ол Жамбыл облысына қарасты Мойынқұм ауданының тумасы.